Accessibility links

Саддам Хұсейін рахымшылық сұрап отыр


Ирақ уақытша үкіметінің жетекшісі Айяд Аллауиден бұрыңғы президенті Саддам Хұсейін рахымшылық сұрағаны белгілі болып отыр. Бірақ өтінішті Саддам Хұсейін ауызша жасаған. Ирақ үкіметінің жетекшісі Айяд Аллауидың айтуынша, рахымшылықты Саддам Хұсейіннің түрмеде отырған жақтастарыда сұраған. Аллауидың сөзіне қарағанда, Саддам Хұсейннің соты қазан айында басталатын көрінеді. Сот шешімі қандай болуы мүмкін? Саддам Хұсейіннің рахымшылық алуға үміттенуіне бола ма?

Америка халықаралық саясаты кеңесінің вице-президенті Илан Берманның ойынша, Саддам Хұсейінге рахымшылық жариялау тек Ирақ халқының қолында. АҚШ бұл мәселеге айтарлықтай әсер ете алмайды, дейді ол:

- Біз пікір ғана білдіре аламыз. Сот шешімінің артында Саддам Хұсейіннің тағдыры ғана емес, Ирақ халқы бастан кешкен қиын өмірін қаншалықты ұмыта алады деген мәселе тұр. Саддам Хұсейінге рахымшылық жариялап, оны бостандыққа жіберу, менің ойымша, ұлт мүддесіне жатпайды. Саддам Хұсейін еркіндік алып, кезкелген мемлекетте жүріп, Ирақтағы жағдайға әсер ете алады. Ол үшін ол жақтастарымен тілге келіп алады. Ирақ халқы мүмкіндігінше тез арада бағытын өзгертуі керек. Кеңес Одағына мүше болған елдердің тәжірибесінен көріп отырмыз. Өткен өмірінен кете алмағандықтан олар баяу өрлейді. Сол себептен Саддам Хұсейін мен оның жақтастарын тезірек сотқа беру ирақ халқының мүддесіндегі шаруа.

Илан Берманның пікірінше, Саддам Хұсейін билігі талай адам өмірін қиғанын ескерілетін болса, сот шешімі қатал болуы мүмкін. Сол себептен Саддамның рахымшылық алуы екі талай. Жазалау керек дегенді шииттер , курдтер және суниттердің бір бөлігі қолдайды, дейді Илан Берман . Илан Берман Ирақтың жаңа үкіметі сот процесін жақсы ұйымдастырып, заңдардың жоғары деңгейде сақталуына қамтамасыз етуі керек, сот ашық болу қажет. Бір жағынан Садам Хұсейінді айыптап отырғандардың дәлелдері нақты болуы қажет.

Сонымен қатар Америка халықаралық саясаты кеңесінің вице-президенті Илан Берман мыңдаған отандасын газбен улаған адамды тез арада өлім жазасына кесіп, жазалаған дұрыс деп пікір білдіретін саясаттанушылармен келіспейді. Саддам Хұсейін көптеген құпияны өзімен бірге алып кетпеу үшін оны өмірлік абақтыға кесу керек. Сонда жойқын қару туралы және оның террористермен, Ирақ маңындағы көрші үкіметтермен жүргізген келіссөздері туралы құпияларды Саддам Хұсейн өзімен бірге әкете алмас, дейді Илан Берман.

Саддам Хұсейн егер бостандыққа шыға қалсам, еуропалық бір мемлекетте жаныма жай тауып, баспана сұраймын деген адвокаттары арқылы. Саяси босқындардың Вена кеңес беру орталығының кеңесшісі Владимир Бородзинский Саддам Хұсейн Еуропа елдерінің бірінен саяси баспана алуға үміттенеді дейді. Швецияда шығатын "Афтонбладед" газетінің хабарлауынша, Саддам Хұсейннің Швеция, Австрия немесе Швейцарияға барғысы келетін түрі бар. Австрия босқындар жөніндегі федералдық мекеменің директоры Вольфган Таухер Саддам Хұсейннің Австриядан саяси баспана алуға мүмкіндігі жоқ деді “Австриялық баспа агенттігінің” тілшісіне берген сұхбатында. 2004 жылы қабылданған заң бойынша, шет елде отырып Австрияда саяси баспана сұрауға болмайды. Саяси баспана сұрау үшін Саддам Хұсейн Австрияға келу керек. Бірақ олай болған жағдайдың өзінде, Вольфган Таухердің айтуынша, адамзатқа қарсы қылмыс жасаған немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаларын бұзған адамдарға Австрия саяси баспана бермейді.
XS
SM
MD
LG