Accessibility links

Сауд Арабиясының басшылығы францұз азаматына қарсы Джидда қаласында жасалған қастандықты лаңкестер ұйымдастырды деп санайды


Сауд Арабиясының басшылығы францұз азаматына қарсы Джидда қаласында жасалған қастандықты лаңкестер ұйымдастырды деп санайды. Ол жайында Саудияның ішкі істер министрлігін сілтеп көрсеткен Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Францияның бір ірі компаниясының қызметкері Лоран Барбо сенбі күні кешкісін қастандықтан құрбан болды. Өткен жылдың мамыр айынан бері “Әл-Қаидамен” ауыз жаласқан экстремистер Сауд Арабиясында кем дегенде 150 кісіні өлтірді. Олардың басым көпшілігі шетелдіктер.
XS
SM
MD
LG