Accessibility links

Урузган өлкесі әкімінің хабарлауынша, сенбі күні кешкісін үкімет күштерімен қақтығыста тәліптердің көрнекті қолбасшысы Маулави Гафар мен оның 2 серігі мерт болды


Ауғанстанда тәліптердің көрнекті дала қолбасшысы оққа ұшты. Урузган өлкесінің әкімі Жан Мухаммад Ханның хабарлауынша, кеше күн батқанда үкімет күштерімен қақтығыста Маулави Гафар мен оның 2 серігі мерт болды. Маулави Гафар кезінде АҚШ-тың Гуантанамо әскери базасында тұтқында отырып шыққан болатын. Бостандыққа шығысымен Ауғанстанға қайта оралып, Урузган мен Гильменд өлкелеріндегі тәліптер жасақтарына басшылық етіп келді
XS
SM
MD
LG