Accessibility links

Ирақтың уақытша вице-премьері Баһрам Салих қаңтар айына жоспарланған жалпы ұлттық сайлау елдің барлық өлкесінде өтпеуі мүмкін екенін жоққа шығармайды


Ирақтың уақытша вице-премьері Баһрам Салих қаңтар айына жоспарланған жалпы ұлттық сайлау елдің барлық өлкесінде өтпеуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ассашэйтед Пресс агенттігіне берген сұхбатында ұлттық қауіпсіздік мәселесіне жауап беретін ол: “көтерілісшілер, дау жоқ, сайлауды болдырмауға тырысып бағады”, -деп атап көрсетті. Бүгін Бағдадтың орталығындағы сауда кешені маңына минаатқыштың оғы түсіп қуатты жарылыс болып, бір кісі жараланды. Өткен түнде АҚШ авиациясы Әл-Фаллуджа қаласына бір тәулік ішіндегі үшінші рет соққы берді. АҚШ армиясы басшылығының хабарлауынша, Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған экстремистік топтың жасақтары паналаған ғимараттар соққыға алынған.
XS
SM
MD
LG