Accessibility links

АҚШ-тың Флорида штатында соңғы 2 айдың ішінде осымен 4-інші рет “Джинн” дауылы қаһарына мініп тұр


АҚШ-тың Флорида штатында соңғы 2 айдың ішінде осымен 4-інші рет “Джинн” дауылы қаһарына мініп тұр. Дауылдың жылдамдығы сағатына 190 шақырымға жетті. Дауыл жел үйлердің шатырларын қиратып, электр желілерін үзіп кетіп жатыр, қазір 800 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Оған қоса нөсер жаңбыр шелектеп құйып, Орландо мен Форт Лодердейл қалаларына су тасқыны төнді. 2 млн. халық қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандардың болжауынша, дауыл жел Флорида жағалуынан штаттың орталығына қарай бұрылып, одан соң Джорджия мен Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарына қарай бұра тартатын көрінеді
XS
SM
MD
LG