Accessibility links

АҚШ үкіметінің қолдауымен 2005-2006 оқу жылдарына ашық конкурс басталды


АҚШ-тың 1992-ші жылғы заң актісіне сәйкес - « Бостандықты қолдау актісі », жарияланатын бағдарламаларға демеушілік көрсетеді. Бұл заңның негізгі мақсаты – Кеңес Одағының аймағындағы құрылған тәуелсіз мемлекеттерге эканомикалық және демократиялық көмек көрсету. Қазақстан аталмыш бағдарламаға 1992-ші жылдан бастап қатысып, бағдарлама бойынша бүгінгі таңға дейін 700 Қазақстандық азаматтар АҚШ –та білімін жетілдірген болатын. Алдағы 2005-ші 2006-шы оқу жылдарына арналған білім бағдарламалары бойынша байқау осы күндері басталуда.

«Бостандықты қолдау акті » деп аталатын заңға сәйкес 1992-ші жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан білім беру бағдарламалары , Қазақстан жастарына АҚШ-та білім алу мүмкіндігін береді. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты – білікті талапкерлерге АҚШ-тағы орта мектептерде білім алуға , жоғарғы оқу орындарында жәнеде институттан кейінгі деңгейде өз білімдерін жалғастыруға мүмкіндік беру , сонымен қатар американдық институттардың базаларында зерттеулерді жалғастыру болып табылады. Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық кеңестің Орта Азия мен Ауғаныстандағы аймақтық диреторы Майкл Куртистің айтуы бойынша, бұл бағдарламалардың барлығы тегін. - Сол бағдарламалардың бірі жоғарғы сынып оқушыларымен алмасу бағдарламасы. Бұл, АҚШ-тың демеушілігімен бір жылға созылған мәдени- ағарту бағдарламасы.

13 жыл ішінде Қазақстанның 700-ге жуық оқушылары Американың түрлі қалаларында білім алып қайтқан. Бұл бағдарламаға 9-шы , 10-шы,11-ші сынып оқушылары тіпті мүмкіндіктері шектеулі балалар да қатысуына болады. Қазіргі таңда Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Астана, Қостанай және Петропавл қалаларында байқау өтіп, ендігі кезекте Тараз, Талдықорған , Қызылорда , Павлодар, Семей және Алматы қаларының оқушылары бақ сынасады. Аталмыш бағдарлама бойынша, 2001-ші 2002-ші жылдары Америкада білім алып келген Әбжақов Аслан, жылда байқауға қатысатындар саны өсіп отырады дегенді айтып отыр. - Бұл бағдарлама бойынша қатысушылар саны өте үлкен. Мысалы өткен жылы осы байқау жүргізілгенде Қазақстан бойынша 7,500 адам қатысты. Соның 71-і ғана өтті, яғни жүзден бірі .

Жәнеде Аслан, бүгінгі таңда мұндай мүмкіндік қалталы немесе таныстары бар балаларға ғана беріледі деген қоғамда, теріс пікірдің бар екенін айтуда. -Көбінесе біздің осы Қазақстанның ішінде қоғамдық пікір бар, яғни таныстар керек, ақша керек дегендей. Мысалы осы Американдық бағдарламаға қатысу үшін ешқандай таныстар да керегі жоқ, ешқандай ақша да керегі жоқ. Себебі бұл бағдарламалар толығымен бірінші турдан бастап соңғы турға дейін Америка үкіметімен ұйымдастырылады, яғни бұл жерде ешқандай туыстарда, ешқандай таныстарда, ешқандай ақшаларда көмектеспейді.

Сонымен қатар,Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігінің мәдениет пен білім жөніндегі бас маманы Асият Сүлейменованың айтуынша, тек оқушылар ғана емес, Қазақстандық ғалымдарда АҚШ-та тегін білім алуына болады. - Қазақстандық ғалымдар өз зерттеу жобаларымен, 1 академиялық семестрден 1 академиялық жыл аралығында АҚШ-та жұмыс жасауына болады. Сонымен қатар олар осы мерзім ішінде басқа штаттардағы немесе басқа елдердегі конференцияларға қатысу және алдыңғы қатарлы кітапханалар қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие.

Оқушалар үшін алмастыру бағдарламасы бойынша 1998 - 1999- шы жылдары Америка Құрама Штаттарында білім алып келген Гаухар Кенжегалиева, шет елде білім алу үшін байқауға бірнеше рет қатыстым дегенді айтты. Гаухардың айтуынша, жалпы Қазақстандық оқушылардың білім деңгейі американдық құрбыларынан артық болмаса кем емес.

- Оқуға деген ынта біздің оқушыларда көп деп ойлаймын. Қазақстандықтар жалпы барлық сабақтардан мықтырақ деп ойлаймын. Себебі мен үшін және менімен бірге барған көптеген оқушылар үшін, ол жақтағы мектептерде оқу өте оңай болды. Олар әрқашанда үлгерімі өте жоғары болды. Жәнеде оқушылардың ең алдыңғы қатарында болған.

Егерде жоғарыдағы ақпаратқа қызығушылық танытқан немесе бағдарламаға қатысам деуші тыңдармандар болса, төмендегі анықтама телефондарын ұсынамыз. АҚШ әкімшілігінің Ақпараттық Қызметінің телефондары – 504 - 873 немесе 720-803.
XS
SM
MD
LG