Accessibility links

Алматыда Дүниежүзі Кеден Ұйымына мүше мемлекеттердің кеден қызметі жетекшілерінің есірткі тасымалы мәселесіне арналған кеңес жиыны басталды

  • Досан БАЙМОЛДА

Қыркүйектің 27 сі күні Алматыда басталған Дүниежүзі Кеден Ұйымына мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшыларының Жібек Жолы аймағындағы есірткі тасымалы мәселеріне арналған кеңес жиынға Дүниежүзі Кеден Ұйымының бас хатшысы Мишель Дане мырза қатысып отыр. Сондай ақ бұл жиынға Германия, Пәкістан,Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Иран, Қазақстан секілді оншақты елдің кеден қызметінің жетекшілері де қатысуда.

Бұл кеңес жиынды Алматыда өткізудің мақсаты туралы Қазақстанның кедендік бақылау агентігінің төрағасы Бердібек Сапарбаев: «Қазақстан халықаралық есірткі тасымалы жолындағы транзиттік ел деп саналады.

Сондықтан, Еуразия кеңістігінде орналасқан біздің еліміз есірткі тасымалын өз аумағы арқылы өткізуді барынша азайту үшін күресуіміз керек», деді. Ол үшін тек бір Қазақстан ғана емес, аймақтағы өзге елдердің ықпалы қажет. Қазақстандық кеден бақылау агенттігі есірткі тасымалын азайтуға және оған жол бермеу мен алдын алу әдіс-тәсілдерін айқындау мақсатында тек қана адам ресурстары емес, материалдық-техникалық тұрғыдан қамсыздандыруға баса мән беріп отыр деді ол.

Б. Сапарбаевтың айтуынша, Қазақстандағы Кинологиялық орталықты халықаралық орталыққа айналдырып, онда тек қазақстандық емес, алыс-жақын шет ел кеденшілерінің есірткі тасымалын кесу жөніндегі біліктілігін арттыру қажет. Екіншіден, Алматыда кеденшілердің халықаралық оқу орнын ашу мәселесі де осы жолы көтерілмек.

Есірткі тасымалының алдын алу мен оған жол бермеу тұрғысында тек қана кеденшілер емес, құқық қорғау орындары мен шекарашылар және ішкі істер қызметерлері де барынша атсалысып сол жұмыстың нәтижесінде былтырғы жылы 10 тонна есірткі заттарына тосқауыл қойылған. Дүниежүзі Кеден Ұйымының бас хатшысы Мишель Дане жиында сөйлеген сөзінде Ауғанстанмен тікелей шекараласатын мемлекеттер және олармен көрші мемлекеттердің кеден басшыларының бас қосуы жиынының Алматыда өтуі өте маңызды екендігін атады. Сонымен бірге ол Қазақстанның геосаяси жағынан болсын халықаралық есірткі тасымалы жолындағы транзиттік ел ретінде болсын осы күрделі мәселеге Орталық Азия елдері арасынан айрықша назар аударып отырған ел екендігін айтты. Бұл күрделі мәселені шешу жолын онымен қалай күресу керектігін әлі ешкім айта алған жоқ деді ол. Алматыдағы кеден жетекшілеірінің халықаралық жиыны өз жұмысын қыркүйектің 28 і күні одан әрі жалғастырады.
XS
SM
MD
LG