Accessibility links

Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дженин қаласы мен палсетиндік босқындардың лагеріне Израиль әскері мен танктері басып кірді


Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дженин қаласы мен палестиндік босқындардың лагеріне бүгін таңертең басып кірген Израиль әскері мен танктері қаладағы ауруханада тінту жүргізген кезінде палестиндік жасақтармен атысып қалды. Газа аймағындағы босқындардың Хан-Юнис лагерінде Израиль жауынгерлері 1 палестиндікті атып өлтірді. Израильдіктердің хабарлауынша, Газа аймағындағы Жибалиа лагері маңында қарулы 2 палестидікті оққа ұшырды. Армия өкілдерінің мәлімдеуінше, палестиндіктер Израильмен арадағы шекара маңында жарылғыш алып келе жатқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG