Accessibility links

П.МУШАРРАФ: “Біз террористік қауіп-қатердің негізгі көзін жойдық


Пәкістан президенті Первез Мушарраф бүгін “Әл-Қаида” ұйымының пәкістандық өкілі Амджад Хуссеин Фарукидің көзі жойылғанға терроризм қатеріне соққы берілді деп ризалық білдірді. “Біз террористік қатердің негізгі көзін өлтіріп жойдық. Ол аздай Фаруки - маған жасалған қастандықты және басқа жерлерде болған шабуылдарды ұйымдастырды. Демек терроримзнің үлкен тұлғасының көзі жойылды”, -деп атап көрсетті генерал Мушарраф. Фаруки, сондай-ақ, 2002 жылы америкалық журналист Дэниел Перлді өлтіруге және Карачиде АҚШ елшілігінде жанпидашыл лаңкес жүзеге асырған қастандыққа қатысы болды.
XS
SM
MD
LG