Accessibility links

Жас жазушылар, сыншылар мен аудармашылар арасында өткен Республикалық байқау қорытындысы белгілі болды


Үстіміздегі жылдың тамыз айында Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі жас жазушылар, сыншылар, эссеистер мен аудармашылар арасында Республикалық байқау ұйымдастырылған боладын. «Мұхтар Әуезовты еске алу» жобасы бойынша жарияланған байқауға Қазақстан бойынша 20 – ға тарта жас әдебиетшілер қатысқан болатын. Бүгін, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың туғанына 107 жал толып отырған күні, аталмыш байқауға қатысқандардың ішінен ең үздік прозалық шығармалар мен эсселер және қазақ тіліне аударылған көркем туындылар аталған болатын.

Жас жазушылар , сыншылар, эссеистер мен аудармашылар байқауының шарты бойынша, жасы 30-ға дейінгі жас таланттар қатысты. Республиканың түпкір-түпкірінен келген 20-ға жуық автордың 400-ден астам парақ шығармалары әділқазылар алқасының іріктелген еді. Бүгінде Мұхтар Әуезовтың тулғанына 107 жыл толғанына орай, әділқазылардың қатаң сынынан өткен жас әдебиетшілерді марпаттау рәсімі өтті. Аталмыш мерекелік жиынды, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының оқырмандармен жұмыс жасау бөлімінің меңгерушісі Сағира Қанахина ашқан болатын.

- Жастарымыз өсіп, өзінің толғанысын, елі , халқы туралы жүрек тебіреністерін жазып, бәйге алып жатса, бұдан ерекше күн бола ма? Бүгінгі күн құтты болсын ағайын !

«Мұхтар Әуезовты еске алу» жобасы бойынша жарияланған бұл байқауға прозадан , әдебиеттанудан және аударма ісінен өз деңгейін байқағысы келген жастар қатысты. Аталмыш үш байқаудан , яғни прозадан Мадина Омарова, көркем аудармадан Садықова Айнаш және әдебиеттану саласынан Мұсалы Ләйлә сынды жас қыздар жүлделі орындарға ие болды.Байқаудың ережесіне сай қатысушылардың арасындағы басқа да көңіл аударуға тұтарлық 14 туынды «Көк күмбез» атты жас қаламгерлер жинағына енді . Аталмыш кітап турасында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры Мұрат Әуезов өз ойын былай деп жеткізді.

- Тек қана құры сөз емес, мына байқауға қатысқандардың кітабын шығардық. Жаңа буын, жаңа әуен, жаңа ой – сезім дегендерді осы кітаптан көріп, сезуге болады.

Көркем аудармадан өткен сайыстан бас жүлдені жеңіп алған Садықова Айнаш, өз сөзінде былай деген болатын.

- Өнер, әдебиет саласының өмір шендігі екі нәрсеге байланысты деп ойлаймын. Бірі ол - сол сала бойынша іргелі еңбектер, туындылар болса, екіншісі – сол еңбектерді жасайтын, тудыратын кәсіпқой мамандар деп ойлаймын. Осы ретте мына өткізілген байқау мейлі маманның шеберлігін ұштауда болсын, ары қара жетілдіруде болсын және мына әдебиетті толықтыру жағынан болса да уақытылы жасалған келелі іс, қомақты үлес болды деп ойлаймын.

Ұйымдастырушылар келесі байқау, алдағы келе жатқан жылы драматургия саласында жүрген жастар үшін болмақ дегенді айтып отыр. Мұрат Әуезовтың айтуынша, драматургия өте күрделі жанр болғандықтан, мүмкін қатысушылардың жасы 18- бен 35 аралығын құрайтын шығар.

- Келесі байқауды дұрыстап дайындалып мына драматургия саласына арнаық деп отырмыз. Өйткені жақсы драма жазатын жазушы ол бүгінгі өміріміздің былай түпкірін түсінетін адам болып шығады деп білемін. Ол енді келесі жылы болады. Жәнеде оған , мысалы біз осы жолы жасы 30-ға дейінгі талапкерлерді қатыстырдық, ал енді мына драматергия қиындау жанр сондықтан 35 жасқа дейін.

Ал қонақтар арасында болған академик Әбдуәлі Хайдар, мұндай байқаулар жастар арасында әдебиетке деген қызығушылықты тудырады деген пікір айтты.

- Әрине бұл жақсы бастама, өйткені болашағын ойламаған халық ол халық емес. Әдебиеттің болашағ, өнердің болашағы жастарда ғой. Жақсы нәтиже беріпті, көп адамдар қатысқан, кітабын шығарыпты олардың барлығы жастарды шабыттандырады. Меніңше басқа жастарға үлгі болады. Сондықтан игілікті іс бастаған екен деп қуанып кетіп барамын.
XS
SM
MD
LG