Accessibility links

Саудия министрі Әли Наими: “мұнай шикізаты бағасының өсуін тоқтату мақсатында Саудия шикізат өндірісінің көлемін тәулігіне 11 млн. баррельге дейін көтереді


Сауд Арабиясының мұнай өнеркәсібі министрі Әли Наими: “мұнай шикізаты бағасының өсуін тоқтату мақсатында Саудия шикізат өндірісінің көлемін тәулігіне 11 млн. баррельге дейін көтереді”, -деп мәлімдеді. Бүгін 1 баррель мұнай шикізатының бағасы 50 доллардан асып жығылды. Нью-Йорк биржасында қараша айында сатылатын шикізат бойынша қол қойылған шарттарда – 1 баррель мұнайға 50 доллар 47 цент ұсынылды. Мұнай бағасының осыншама аспандауына, сапаршылардың пікірінше, Сауд Арабиясы, Ирақ және Нигериядағы жағдайлар, АҚШ-қа соққан дүлей дауыл және ресейлік “ЮКОС” компаниясының маңайындағы ахуал себеп болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG