Accessibility links

Хьюман Райтс Уотч: Ауғанстанда 9 қазанға белгіленген президент сайлауының ашық та әділ өтуін қамтамасыз етуге кеткен іс-әрекеттің барлығын жергілікті дала қосбасылары жоққа шығаруы әбден мүмкін


Ауғанстанда 9 қазанға белгіленген президент сайлауының ашық та әділ өтуін қамтамасыз етуге кеткен іс-әрекеттің барлығын жергілікті дала қосбасылары жоққа шығаруы әбден мүмкін деп санайды халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар. Халықаралық “Хьюман Райтс Уотч” ұйымының 50 беттік есебінде жергілікті өлке-аймақтарда сайлауалды науқанының жаппай зорлық-зомбылықпен, қорқытып-үркітумен өтіп жатқаны атап келтіріледі. Оған мысал ретінде “Хьюман Райтс уотч” Ауғанстанның солтүстігін келітереді. Онда президенттікке үміткер ретінде тіркелген жергілікті қолбасылары Рашид Достым мен Мұхаммад Мохакик - жергілікті халықтан ашықтан-ашық өздерінің бұйрықтарына сай дауыс беруді талап етуде.
XS
SM
MD
LG