Accessibility links

АҚШ авиациясы Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласы мен Бағдадтың көтерілісшілер паналаған Садр-Сити ауданына соққы берді


АҚШ авиациясы Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласы мен Бағдадтың көтерілісшілер паналаған Садр-Сити ауданына соққы берді. Әл-Фаллуджада АҚШ авиациясы Әл-Қаида” ұйымымен ауыз жаласқан лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидың қарулы жасақтарына апта бойы соққы беріп, қансыратқандай болса, Бағдадтың шийттер тұратын Садр-Сити ауданын соққыға алды, жаяу әскер көтерілісшілермен қала орталығында шайқасты. Осы күні Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында көтерілісшілер британдық әскери керуенге тасадан шабуыл жасап, 2 британдық жауынгер оққа ұшты, ирақтық 2 куәгер жараланған. Ал осы кезде АҚШ армиясы солтүстіктегі Киркук қаласында Исламдық жаугер тобының көсемін қолға түсіргенін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG