Accessibility links

Ауғанстан президентінің сайлауына қауіп төніп тұр


Ауғанстанда қазан айының 9-да президент сайлауы өткізілмек. Сайлау еркін және қауіпсіз жағдайында өте қоймас деп "Хьюман Райтс Уотч" құқыққорғау ұйымы әу бастан алаңдаушылық танытып келеді. Дала қолбасшылары алдағы сайлауды өз пайдасына бұрып жіберуі мүмкін, олар елдің ортақ мүддесіне қарсы қызмет жасайды деп "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы сейсенбі күні тағы бір баяндама жариялады. АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі Залмай Қализад Ауғанстанды қайта құру талай жылға созылады десе, АҚШ-тың Ауғанстандағы қолбасшысы Девид Барно "Әл Қаида" жауынгерлері және "Талибанның" қалған жауынгерлері сайлау дайындығын бұзуға әрекет жасап жатыр дейді.

Ауғанстанда 9-шы қазанда тұңғыш рет жалпыұлттық деңгейде президенттік сайлау өткізіледі және қазіргі басшы Хамид Қарзай ұзын саны 17-ге жеткен бәсекелестерін жеңіп шығады деп айтылады. Дегенмен, халықаралық ықпалды ұйымдардың бірі "Хьюман Райтс Уотч" сейсенбі күні үлкен баяндама жариялап, дала қолбасшылары сайлауды өз пайдасына бұрып жібереді деп болжам жасады. Жеке әскерлер саяси билік құралына айналған, олар тізе батырып, үрей мен қорқытудың арқасында, коррупцияның арқасында сайлау науқанын бұрмалап отыр, дейді "Хьюман Райтс Уотч". Ол олма, жеке әскерлері басшыларының бір қатары АҚШ әскерімен одақтасқан деп айтылды.

Осы жерде Солтүстік Ауғанстандағы ықпалды тұлғалардың бірі генерал Абдұл Рашид Достымды мысалға келтірсе болады. Олда президентікке кандидаттардың бірі, шартқа көніп жеке әскерін жаңа ұлттық әскерге бағындырды. АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі Залмай Қализад Достымды сол үшін мақтады, Достым кезінде АҚШ-қа көмектесіп, "Талибан" әскерін талқандасқан. "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы болса Абдұл Рашид Достым жергілікті басшыларға сес көрсетіп, алдағы сайлауды өз ыңғайына бұрып жатыр дейді. Ал Залмай Қализадқа жалпы Хамид Қарзайдың ыңғайына бұрып, басқа үміткерлерді сайлау додасын шығармақ болды, деп кейбір кандидаттар сын айтқан. Залмай Қализад мұндай айыптауларды жоққа шығарды:

- Ауғанстандағы қызметім елге көмек көрсету екенін білесіздер. Халық менім көмегімді қажет деп тапса – қол ұшымды созуға дайынмын. Егерде жұрт бір бірімізбен сөз байласа алмаймыз деп, мен арқылы біреуге бір нәрсе айтқысы келсе – оларға құлағам асам, реті келгенде оларға қызмет жасаймын.

Америка Құрама Штаттарының Ауғанстандағы қолбасшысы Девид Барно болса сайлауға бөгет жасауға "Талибан" әскерінің қалған жауынгерлері дайындалып жатыр, оларға "Әл Қаида" агенттері көмектесіп жатыр дейді. Дегенмен, әскери бірлестіктің арқасында "Әл Қаиданың" әрекетіне тосқауыл қойылған, сондықтан олар көршілес Пәкістанға ығысып, сол жақтан қол созып отыр, дейді Девид Барно:

- Ауғанстан жерінде "Әл Қаида" басшылары жүр дегенге бізде шамалы ғана дәйек бар. Себебі олар шетелдік жауынгерлерімен Пәкістанның шалғай аудандарында отыруды қауіпсіздеу деп көреді. Бірақ қазір Пәкістан әскері де оларға қарсы дұрыстап қимылдады, олардың қауіпсіз деген паналарын бұзды.

Ауғанстан сайлауына ауған босқындарын қатыстыру да үлкен мәселенің бірі. Бұл шаруамен Біріккен Ұлттар Ұйымы және Халықаралық миграция ұйымы айналысып жатыр. Пәкістанда 600 мың – 800 мың ауған босқыны бар, Иранда 400 мың – 600 мың ауған босқыны бар деп есептеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі сейсенбі күні Исламабадта өткен баспасөз-мәслихатында ауған босқындарының қатары сайлаушылардың 10 процентіне шейін жетуі мүмкін деп айтты.
XS
SM
MD
LG