Accessibility links

Америкалық SpaceShipOne деп аталатын зымыран-ұшағы ғарышқа ойдағыдай көтеріліп, Кaлифорния штатындағы Мохаве шөліне қонды


Америкалық SpaceShipOne деп аталатын зымыран-ұшағы ғарышқа ойдағыдай көтеріліп, Кaлифорния штатындағы Мохаве шөліне қонды. Әлемдегі ең бірінші жеке-меншік ғарыш аппараты жерден 100 шақырым биіктікке самғап, ғарышта 1.5 сағаттай уақыт болып құмға отырды. Енді SpaceShipOne зымыран-ұшағын жасағандар 10 млн. доллар сыйлықты алуы мүмкін. Зымыран-ұшақты ғарышқа ұшырған Майкл Мелвилл жерге қонысымен, бос кеңістіктегі асқақтаған сезімін түгел айтып жеткізе алмайтынын және жерді кеменің терезесінен бірнеше рет суретке түсіріп алғанын ғана айта алды. Оның айтуынша, ғарышта өзі адам айтқысыз ғажапты қызықтаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG