Accessibility links

Бүгін Бағдадтың шетіндегі Әбу-Грайб ауданында жанпидашыл-лаңкес бомба орнатылған автокөлікті жарып, кем дегенде жергілікті 2 тұрғын құрбан болса, 50-ден аса адам жараланды


Бүгін Бағдадтың шетіндегі Әбу-Грайб ауданында жанпидашыл-лаңкес полиция бөлімшесіне қарама-қарсы бетте бомба орнатылған автокөлікті жарып, кем дегенде жергілікті 2 тұрғын құрбан болса, 50-ден аса адам жараланды. Олардың арасында АҚШ-тың 4 жауынгері де бар. Бүгін АҚШ авиациясы Әл-Фаллуджа қаласындағы көтерілісшілердің шебін нысаға алып соққы берді. Жергілікті дәрігерлердің хабарлауынша, одан 3 кісі болып, алтауы – жараланды. АҚШ әскерилерінің мәлімдеуінше, әуе соұққысының ең басты нысаны – “Әл-Қаидамен” ауыз жаласқан иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи көрінеді. Оны қолға түсіруге көменк болған ақпар үшін АҚШ 25 млн. доллар сыйақы тағайындап отыр. АҚШ бастаған коалициялық күштерге қарсы осымен 17 ай бойы қарсылық көрсетіп жатқан көтерілісшілер Ирақтың қауіпсіздік күштері мен полициясына қарсы бірқатар шабуыл ұйымдастырды.
XS
SM
MD
LG