Accessibility links

Кеше бейсенбіде Ирақ астанасы маңайында болған бомбы шабуылдарында кемінде 46 адам қаза тауып, 200дей кісі жарақат алды


Олардың көбі балалар еді. Британия бас министрі Тони Блэр жасалған талаптарға қарамай, Ирақтағы Британия әскерлері жақын арада алып шығып кетілмейді деп мәлімдеді.

Бұл арада, Лондонда болған Ирақ бас министрі Айад Аллауи Британиялық халықаралық күштердің Ирақтағы көмегі үшін өз рахметін айтты.

-Мен әрине халықаралық күштердің жетекшілеріне ризамын. Олар Ирақта қажеттті кезге дейін қала бермек деген уәдесін айтып отыр. Ал тезірек алып шығып кетілуі керек деген талап терроршылар мен бүлікшілдерге ғана қажет, - деген Айад Аллауи.

БҰҰнан адам құқықтары бойынша жоғары комиссионер Луис Арбур мен Хуан Мендестің бейсенбі күні БҰҰ Қауыпсіздік кеңесінде айтқанындай, Судандағы Даурфур ауданыныа халықаралық сақшылар жіберілуі тиіс екен. Олардың пікірінше, бұл лагерлердегі азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Арбурдың тілшілерге айтуынша, Судан әкімшілігі азық-түлік үшін лагерден сыртқа шыққан әйел азаматтарының өмірі қауіп астында қалып отырар екен.

БҰҰның есебіне қарағанда, өткен жылдан бері Суданда болған үкімет күштері мен бүлікшілдер арасындағы қақтығыстар кесірінен 50 мыңдай адам қаза тауып, бір жарым миллиондай кісі босып кеткен.
XS
SM
MD
LG