Accessibility links

Қазақстан ұшақтары Ресей әуе кеңістігі арқылы кедергісіз ұшуда

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазанның 1-інен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ұшақтарының Ресей әуе кеңістігі арқылы ұшынуына тиым салынады деген мәлімет жарияланды. Оған Ресей әуе навигациясы алдында қордаланған қарыз себеп болған.

Қарызды болып отырғандар арасында Армения, Грузия, Украина және Қазақстан аталыпты. Ресей Федерациясы көлік министрілігі баспасөз қызметінің мәліметі негізінде таратылған ақпараттарға қарағанда, Ресей әуе нaвиагциясына Қазақстан тарапының қарызы 5,5 миллион долларды құрайды. Бұл 1994 және 2001 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды екен Ал, қарыздың 3,5 миллон доллары «Қазақстан әуе жолы» компаниясына қатысты болыпты.

Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің халықаралық қатынастар бөліміне хабарласқанымызда аты-жөнін айтудан тартынған бөлім қызметкері Қазақстан ұшақтарының Ресей әуе кеңістігі арқылы кедергесіз ұшып жатқанын мәлімдеді. Аталған бөлімнің қызметкерінен тараптардың қандай шешімге келгені жайында сұрағанымызда, ол бәрі ойдағыдай, Ресейдің көлік министрлігінен жеделхат келді деп жауап берді.

Ақпарат көздеріне қарағанда, аталған мәселе қазанның 6-сында Мәскеуде болатын Қазақстан-Ресей үкіметаралық мәжілісінің күн тәртібіне енгізілмек екен.

Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авияация комиеті қызметкері сөз болып отарған мәселенің үкіметаралық деңгейде үнемі қаралатынын айтып отыр. Ал, банкрот болған, алайда борышкер деп аталып отырған, «Қазақстан әуе жолы» компаниясы Ресей әуе нaвигациясы алдындағы қарызын қалай өтемек дегенге келсек, аталған комитет қызметкері бұл үкіметаралық деңгейде шешілетін болады, дейді.

Астана әуе жайының анықтама қызметінің қызметкері Ресей бағытына Қазақстан ұшақтарының ұшып жатқанын, ешқандай ақпараттың болмағынын айтты.

«Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны басшысының орынбасары Бикен Сейдахметов-те Қазақстан ұшақтары ешқандай проблемасыз ұшып жатыр, дейді.

Ресей Федерациясы көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде 2000 жылдың қарашасында Қазақстан тарапы «Қазақстан әуе жолы» компаниясының банкроттығы бойынша тарату комиссиясының жұмыстары тәмәдалғаны туралы ресми хабарлады және Ресей жағына аталған компанияның қарызын жабу туралы ұсыныс енгізуді уәде етті.

Айтылғандай ұсыныс түспеді, қазіргі уақытта Қазақстаннан аталған проблеманы бірлесіп талқылауға дайын екендігі туралы жайында жазған ресми жауап келді деп көрсетіліпті. Ал, Көлік және комуникация министрінің орынбасары Юрий Лавриненко аталған мәселе бойынша қазақстандық ақпарат құралына берген сұхбатында қарыз қаржының бұрыннан талқыланып келе жатқынын, алайда борышкер шаруашылық субьектісінің банкротқа ұшырағанын, Ресей шаруашылық субьектсінің өз талап-құқығын дер кезінде қоюы керектігін. Ал, қазір Қазақстан заңдарына сәйкес мәселе жабық деп жауап беріпті.
XS
SM
MD
LG