Accessibility links

Газа секторында кемінде екі палестиндік қаза тапты


Израил тікұшақтары Газа секторындағы Джебалия босқындар ауылына зымыран атты, кемінде екі палестиндік қаза тапты. Бірнеше палестиндік жараланды. Израил әскері Газа секторының солтүстігіне сейсенбіде әскер кіргізгелі бері қаза тапқан палестиндіктердің қатары 40-тан асты. Израил бас министрінің кеңесшісі Доре Голд нысанаға алынған азаматтар Израил жеріне зымыран атуға дайындалып жатқандар еді деп сипаттады:

- Егерде Палестина әкімшілігі өз қарауындағы жерде тәртіп қадағалай алмаса, Израил өзі шара қолданатын болады, израилдік тұрғындарға "Қассам" зымырандары шабуылдарының қаупін жоюға қажет шараны іске Израил өзі асырады.

Палестиндіктер сәрсенбі күні Сдерот қаласына зымыран атқан болатын, мұнда бес израилдік азамат қаза тапты, олардың екеуі жас бала.
XS
SM
MD
LG