Accessibility links

Пәкістанда ауған босқындарының арасындағы сайлаушыларды тіркеу басталды


Ауғанстан президенті Кәрім Халили ауған азаматтарын 9-шы қазанға белгіленген президенттік сайлауға қатысуға шақырды. Дауыс беру елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған шешуші қимыл болады,- деді Кәрім Халили. Сол сияқты Пәкістанда бүгін дауыс беретін ауған босқындарын тіркеу басталды. Халықаралық миграция ұйымы алдағы үш күнде 800 мыңға жуық босқын сайлаушыларды тіркеуге күш салып жатырмыз деді, ол үшін босқындар ауылдарында және елді мекендерде 1600 бөлімше ашылған.
XS
SM
MD
LG