Accessibility links

Атом энергиясы бойынша БҰҰ-ы агенттігінің директоры Мухаммад Әл-Баради Сеулде Оңтүстік Кәрейдің ядролық сынақтары бойынша келіссөз өткізді


Атом энергиясы бойынша БҰҰ-ы агенттігінің директоры Мухаммад Әл-Баради Сеулде Оңтүстік Кәрейдің ядролық сынақтары бойынша келіссөз өткізді. Әл-Баради Оңтүстік Кәрейге ресми Сеулдің үкіметпен ақылдаспай және үкіметтің қолдауынсыз 2000 жылы азын-аулақ уранды байытып, 1982 жылы плутонийді бөлгенін хабарлауынан кейін келіп отыр: Журналистер алдында М.Әл-Баради: “Жарияланбай іске асырылған кез-келген іс-әрекет мен үшін үлкен мәселе екенін сіздер білесіздер. Әйтсе де, менің енді көзім жетіп отырғандай, бұл шағын ғана сынақ болған екен. Бұл сынақтың бұдан былай алдын-ала жарияланбай қайта жалғаспайтын ізденіс екеніне біз көз жеткізгіміз келді”, -деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG