Accessibility links

Еуропа одағының Сыртқы істер бойынша өз қызметіне кірісетін жаңа өкілі алдағы мақсаттары жөнінде мәлімдеді.


Бенита Ферреро-Валднер Еуропа Парламентінің Сыртқы істер бойынша комитетінде сөйлеген сөзінде Еуропа одағының алдағы уақытта Құрама Штаттарымен қарым-қатынасын қайта жақсартуы тиіс екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ БҰҰ-мен де көп жақты қарым-қатынастар ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Ал, Таяу Шығысқа бейбіт өмірдің орнауына көмектесу үшін БҰҰ, АҚШ және Ресеймен бірге Еуропа одағы тізе қоса қызмет атқаруы тиіс, деді ол. Ферреро-Валднер Австрияның Сыртқы істер министрі қызметінен жаңа міндетіне ауыспақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG