Accessibility links

Каспий суы астында қалған ұңғылардан мұнай ағып жатыр

  • Гүлмира ХАМЗА

Каспий маңындағы ұңғылардан ағатын мұнай көлемін азайтып, Каспий табиғатын аяламаса, 20 жылдан кейін Қазақстан жағы Каспий табиғатынан айырылады,- деп мәлімдеді қазанның 7 күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Қазақстанның ұлттық экологиялық қоғамының жетекшісі Ким Елкин . Эколог маманның айтуынша, қазіргі кезде Каспийдың Әзірбайжан жағындағы жағдайы нашар, мұнда құс ұшпайды, жануар жүрмейді. Мамандардың Әзірбайжан жағдайын айтып, алаңдаушылық білдіріп отырғанына Қазақстанның батыс өңіріндегі Каспий суы астында қалған ұңғылардан мұнай ағып жатқаны себеп болып отыр.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік және Атырау облысындағы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары сәрсенбі күні су астында қалған 5 ұңғыдан мұнай ағып жатқанын анықтаған. Каспий суын мұнайдан тазарту үшін қандай жұмыстар іске асырылып жатқанын білу мақсатында Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Атырау облыстық басқармасынан білуге тырысқанымызбен, басқарма мамандары бір-біріне сілтеп жауап бермеді. Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жетекшісінің орынбасары Құрлай Шанкееваның айтуынша, мұнай ұңғыларынан мұнай қатты ақпаса да Каспий экологиясына зиян тигізіп отыр.

Құрлай Шанкеева, Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жетекшісінің орынбасары: -Бізде екі түрлі ұңғы бар . Біріншісі тұздың астында жатады, екіншісі тұздың үстінде жатады. Бұл жолы ұңғыдан аққан мұнайдың құрамында күкіртті сутегі аз, бірақ бұл зат жоқ, деп айтуға болмайды. Ал күкіртті сутегі суға тисе, экологияға зиянды зат шағыды.

Сонымен қатар, Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жетекшісінің орынбасары Құралай Шанкееваның пайымдауынша, мұнай жағдайдын алдын алу үшін, түрлі іс-шаралар іске асырлып жатыр, бірақ мұнай күтпеген жерден ағып, Каспий суын ластап жатыр.

Құрлай Шанкеева, Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жетекшісінің орынбасары: - Бұл көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Себебі бұл ұңғыларды жою үшін мемлекеттен арнайы ақша бөлген, осы мақсатта мамандар еңбектеніп те жатыр, бірақ мұнай басқа ұңғылардан шығып отыр. Болашақта бұл мәселе шешімін табатын шығар, деп ойлаймын.

Қазақстанның ұлттық экологиялық қоғамының жетекшісі Ким Елкинның пайымдауынша, Каспий суының астында қалған ұңғылардың саны 300-ге жуық. Бұл ұңғылардан мұнай ақпас үшін Қазақстан әрекеттеніп жатыр, бірақ бұл қиын мәселе,- дейді Ким Елкин.

Ким Елкин, Қазақстанның ұлттық экологиялық қоғамының жетекшісі: - Қазіргі кезде мұнай алынбайды, мұнай алына бастағанда экологияның нашарлағанын көреміз. Сол себептен, болашақта Қазақстанға тиесілі Каспийдың экологиясы жойылатынын мойындаумыз керек.

Қазақстанның ұлттық экологиялық қоғамының жетекшісі Ким Елкинның айтуынша, бүгінгі таңда Каспийдың Әзірбайжан жағындағы жағдайы қиын. Кезінде адам демалатын, әсем жерлер мұнайдың кесірінен адам жүрмейтін, құс ұшпайтын жерге айналған.

Ким Елкин, Қазақстанның ұлттық экологиялық қоғамының жетекшісі: - Ұңғылардан аққан мұнайдың салдарынан экологияға зиян келеді, бірақ бұл зиян материалдық тұрғыдан алғанда қандай шығын әкелетінін нақты айту қиын себебі, Қазақстан жағында мұндай дерек жоқ. Мұндай деректі Әзірбайжан мемлекетінен алуға болады, бірақ олардың өзі бар ақпаратты жасырып отыр.

Жағдай осы қалыпта қала берсе, Каспий экологиясын аяламаса, 20-25 жылдан кейін біз Каспий табиғатынан мүлдем айырыламыз, -дейді Қазақстанның ұлттық экологиялық қоғамының жетекшісі Ким Елкин.
XS
SM
MD
LG