Accessibility links

БҰҰ тарапынан салынған тиымды алып тастау үшін Саддам Хусейннің мақсатты түрде пайдалануға тырысқан жүздеген адам, фирмалар, саяси партиялар және өкіметтің ресми өкілдері аттарының тізімін АҚШ Орталық барлау агенттігі жариялады.


Осы баяндамада айтылғанындай, Саддам және оның өкіметі санкцияларды айналып өту үшін, бұлыңғыр жолдармен 11 миллиард доллар қаржы жинақтауға тырысқан екен. Аталған тиымдар алғаш рет 1990-шы жылы салынып, АҚШ-тың бұл елге басып кіруінен кейін алынып тасталған болатын. Алайда, бұл ақпараттар тәуелсіз бұлақтар арқылы растала қойған жоқ. Франция Сыртқы істер министрлігі бұл хабарлар негізсіз, деп мәлімдеме таратты. Ресей, Франция іскер азаматтары мен саясаткерлері де осындай пікірлер айтуда.
XS
SM
MD
LG