Accessibility links

Бүгін АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Ираққа сапармен келіп, Бағдадтың солтүстігіндегі Әл-Асад әскери әуе базасында АҚШ армиясы басшылығымен және жауынгерлермен кездесті.


БАҒДАД: Бүгін АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Ираққа сапармен келіп, Бағдадтың солтүстігіндегі Әл-Асад әскери әуе базасында АҚШ армиясы басшылығымен және жауынгерлермен кездесіп, Ирақтағы сайлау жақындаған сайын, қиындықтар мен қантөгістің өрши түсетінін ескертті. Оның хабарлауынша, АҚШ пен оның одақтастары көтерілісті басумен шұғылдануда. Экстремистер жеңіске жеткен күнде, -деп мәлімдеді Дональд Рамсфелд, -Ирақты халықаралық терроризмнің орталығына айналды деп айтуға болады. Осыдан кейін АҚШ-тың қорғаныс министрі Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауимен кездесіп, демократия жолына түскен Ираққа АҚШ-тың қолдау білдіретінін мәлімдеді.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG