Accessibility links

Бағдаттың Садр қаласы аймағындағы шии жауынгерлері бүгін ауыр және орташа көлемдегі қаруларын тапсыруды бастамақшы


Мұның өзі осы аймақтағы шайқастардың аяқталғандығын айғақтайтын болады. Қарулар келесі бес күн ішінде Ирақ полициясына ақшаға айырбас ретінде тапсырылмақшы. АҚШ Қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельд Ираққа келген күтпеген сапары барысында, Әл-Асад әуе жайында, АҚШ солдаттары алдында сөйлеген сөзінде, Ирақ сайлаулары қарсаңында елде қиындықтар мен күш қолданулардың одан әрі өсе түсетіндігін айтты. Сондай-ақ АҚШ және оның одақтастарының көтерілісшілермен күрес мақсатының сын тезіне түсіп тұрғандығына тоқталды. Елдегі күш қолданулар бүгін одан әрі жалғасуда. Бағдатта болған жарылыс кесірінен кем дегенде төрт адам қаза болған.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG