Accessibility links

Литвада жексенбі күні болып өткен парламент сайлауының бастапқы нәтижесіне қарағанда, Еңбек партиясы көш басында келеді


Литвада жексенбі күні болып өткен парламент сайлауының бастапқы нәтижесіне қарағанда, Еңбек партиясы көш басында келеді. Литваның Орталық сайлау комиссиясынан хабарлауынша, Ресейден шыққан кәсіпкер Виктор Успаскихтің осыдан 1 жыл бұрын ғана құрған Еңбек партиясын сайлаушылардың 29 пайызы қолдап дауыс берген. Премьер-министр Бразаускас пен Литва парламенті – Сеймнің төрағасы Паулаускас бастаған билік басындағы социал-демократтар мен социал-либералдардың коалициясы 20 пайыз жинаған. Оңшыл консервативтік “Отан одағы” – 15 пайыз дауыс алған. Бұл – Литваның НАТО мен ЕуроОдаққа қабылдануынан кейінгі бірінші парламент сайлауы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG