Accessibility links

Ирақтағы шийт мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Садрдың қарулы сарбаздары Бағдадтың Садр-Сити ауданындағы үш полиция кеңсесіне қаруларын тапсыра бастады


Ирақтағы шийт мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Садрдың қарулы сарбаздары Бағдадтың Садр-Сити ауданындағы үш полиция кеңсесіне қаруларын тапсыра бастады. Бұл қарусыздану шарасы үкімет күштеріне қарсылық көрсетуді доғару туралы өзара бітімге сәйкес жүзеге асып жатыр. Тапсырған қаруы үшін сарбаздар алдын-ала келісілген мөлшерде өтемақы алады. Ирақ үкіметі Садр-Сити ауданын қалпына келтіруге 500 млн. доллар қаржы бөлуге уәде берді. Қарусыздандыру шарасы 5 күнге созылып, Садр-Ситидегі 6 айға созылған қантөгіс тыйылады деп күтілуде. Өзара бітімге сәйкес, Ирақ үкіметі Мұқтада Ас-Садрдың түрмеде отырған сарбаздарын босатуға тиіс.
XS
SM
MD
LG