Accessibility links

Бүгін Израильдің тікұшағынан атылған зымыран “Ислам джиһады” тобының бір жетекшісінің үйіне тиіп, кем дегенде 2 кісі жараланды


Бүгін Израильдің тікұшағынан атылған зымыран “Ислам джиһады” тобының бір жетекшісінің үйіне тиіп, кем дегенде 2 кісі жараланды. Зымырандық соққыдан шайх Мухаммад Әш-Шайх Халилдің өзі жараланды ма, жоқ па, ол белгісіз. Израиль армиясының Газа аймағындағы жазалау шаралары екі апта бойы жалғасып келеді. Израиль баспасөзінің хабарлауыгша, премьер-министр Ариэль Шарон Газа аймағындағы рперацияларды доғару жөніндегі армия басшылығының ұсынысын қабылдамай тастады. Бүгін Израиль парламентінде Шаронға сенімсіздік жариялау туралы екі ұсыныс талдануда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG