Accessibility links

Бүгін таңертең Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштерімен арада Әр-Риадта болған кескілескен атыста үш лаңкес оққа ұшты


Бүгін таңертең Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштерімен арада Әр-Риадта болған кескілескен атыста үш лаңкес оққа ұшты. Саудия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 7 кісі жараланған, қауіпсіздік күштері қаланың шығысындағы бір ғимаратты шабуылдап алып, 7 әйел мен баланы босатқан. Олар оққа ұшқандардың отбасы мүшелері ме, әлде кепілдікте отырған тұтқындар ма, белгісіз. Өткен жылдан бері Әр-Риадта жүзеге асырылған 3 лаңкестік қастандықтың салдарынан 35 кісі қаза болды.
XS
SM
MD
LG