Accessibility links

Әскер қатарына шақырылған 10 адамның біреуі немесе екеуі ғана жарамды

  • Айнагүл САҒДИ

Бүгінде Қазақстан бойынша жастарды кезекті әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Мұрат Жанаев: «Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша Астана қаласының әкімі мен мәслихатының шешімімен Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының бұйрығы шықты. Ауа райына байлынысты болу керек деген өзіміздің жасаған сараптамамыз бойынша шақырылған 10 адамның тек біреуі немесе екеуі ғана әскер қатарына жарамды болып шығады. Мұның өзі айтарлықтай қиындық тудырып отыр», - дейді Мұрат Жанаев. Алайда, Семей қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 2- бөлімшесінің бастығы Әділбек Жүнісовтің айтуынша, биыл әскер қатарына өз еріктерімен сұранып жатқандар өткен жылдармен салыстырғанда біршама көп. «Жалпыға бірдей әскери заңға сәйкес 1 баласы барларға жеңілдіктер берілу керек ғой. Ал олар болса баласы бола тұра армияға алыңыздар деп өтініш жазып жатыр. Олар оқу бітірген, кейбіреуінің жоғары білімі бар, жұмыс болмағаннан кейін осылай жүремін бе, одан да әскери борышымды өтеп келейін дейді, ал кейбірінің болашақта келісімшарт бойынша жұмысқа орналасамын ба деген ойы бар», - дейді Әділбек Жүнісов.

XS
SM
MD
LG