Accessibility links

НАТО-ны барлық соғыс шараларына, оған қоса - Ауғанстандағы соғыс қимылдарына атсалуды жоспарлауға шақырған АҚШ-тың үндеуін Германия қолдамады


НАТО-ны барлық соғыс шараларына, оған қоса - Ауғанстандағы соғыс қимылдарына атсалуды жоспарлауға шақырған АҚШ-тың үндеуін Германия қолдамады. НАТО елдерінің Румыниядағы бас қосуында неміс қорғаныс министрі Петер Штрук бүгін: НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясы елдегі ахуалды тұрақты қалпына келтіру, Ауғанстан - халықаралық терроризмге қарсы күресіп жатқан жоқ, -деп мәлімдеді. Қазір Ауғанстанда 18 мыңдық АҚШ күштері мен осыншама НАТО күштері бірлесіп қимылдауда. АҚШ күштері тәліптер мен “Әл-Қаида” жасақтарының қалдықтарымен шайқасып жатса, НАТО күштері - елдегі қауіпсіздікті нығайтуға күш жұмсауда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG