Accessibility links

Ирақта бүгінгі қақтығыстарда көптеген Ирақ тұрғыны мен АҚШ жауынгері құрбан болды


Ирақта бүгінгі қақтығыстарда көптеген Ирақ тұрғыны мен АҚШ жауынгері құрбан болды. Жарылғыштарды қолданып кеше кешкісін және бүгін болған шабуылдардың салдарынан бас-аяғы 4 АҚШ жауынгері қыршын кетті. Ирақтың батысындағы Рамади қаласында АҚШ армиясы мен жергілікті көтерілісшілердің шайқасында 3 Ирақ азаматы қаза болып, 12-сі жараланды. Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи көтерілісшілердің ордасына айналған Әл-Фаллуджа қаласы егер иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған шетелдік жасақтардың көмегінен бас тартпаспа, онда әскери күш қолданатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG