Accessibility links

Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай оппозициялық партия өкілдерін қанаттандырды


Қазақстанда жарық көретін «Время» газетінің соңғы санында Парламент Мәжілісінің төрағасы, «Отан» партиясы төрағасының орынбасары Жармахан Тұяқбайдың мақаласы жарық көрді. Онда Мәжіліс сайлауына атқарушы биліктің араласқанын, сайлаушылардың құқықтары бұзылғанын жазады.

Сайлау қорытындысы бойынша «Руханият» партиясы 0,44 пайыз, Патриоттар партиясы 0,55 пайыз, Қазақстанның демократиялық партиясы 0,76 пайыз, «Ауыл» партиясы 1,73 пайыз және Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партияларының оппозициялық одағы 3,44 пайыз дауыс жинаған. Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов: «Бұл көрсеткіштер жоғарыдағы саяси партиялардың ресми тіркеуден әділ өтпегенін көрсетеді», – дейді. Сондықтан да ол Парламентке өтпей қалған саяси партиялардың лицензилары қайтарылуы керек, – деп бас прокуратураға депутаттық сауал жолдады. «Партияда кемінде 50 мың мүше болуы керек. Мен байқап қарасам, мысалы Демократиялық партия 25 мың ғана дауыс алған. Ол оның жетекшісі бізде 100 мыңнан астам мүше бар деп өтірік айтады. Сол сияқты оппозициялық одақ та бар болғаны халықтың бір жарым пайыз даусын алды», – дейді Ерасыл Әбілқасымов.



Ерасыл Әбілқасымов сонымен қатар саяси партиялардың сайлауға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржыдан басқа, қанша ақша жұмсағанын білу үшін бас прокуратураға хат жолдап отыр. Ал Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметовтің сөзіне қарағанда, Әбілқасымовтың айтып отырғаны негізсіз. «Біріншіден, Әбілқасымовтың сөздеріне уақытымды текке кетіргім келмейді. Екіншіден, оның айтып отырғаны заңсыз. Заңда егер саяси партиялар екі рет сайлауға қатыспаса лицензицясы алынады деп жазылған», – дейді Ерасыл Әбілқасымов.



Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі Болат Тілепов Ерасыл Әбілқасымовтың пікірлерімен келіспейтіндігін білдірді. Ол Мақсұт Нәрікбаев жетекшілік ететін Қазақстанның демократиялық партиясының құрылғанына бір жыл толмаса да, өзге партияларға қарағанда беделі жоғары, – деп есептейді.

«Ал партия мүшелері қай партияға дауыс береді, ол өздерінің еркінде», – дейді Болат Тілепов.



«Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев болса, біз жеті пайыздан жоғары дауыс алдық, бірақ Орталық сайлау комиссиясы әділетсіздік жасады, – дейді.



Қазақстанда жарық көретін «Время» газетінің соңғы санында Парламент Мәжілісінің төрағасы, «Отан» партиясы төрағасының орынбасары Жармахан Тұяқбайдың мақаласы жарық көрді. Онда Мәжіліс сайлауына атқарушы биліктің араласқанын, сайлаушылардың құқықтары бұзылғанын жазады. Жармахан Тұяқбай Қазақстан Президентіне қарата кінәлі адамдарды жауапқа тарту қажеттігін айтқан. Тұяқбай мырзаның жоғарыдағы мақаласына байланысты Қазақстанның Коммунистік партиясының мүшесі Төлен Тоқтасынов «Жармахан Тұяқбайдың алдағы уақытта билік жүйесіне қатысты ойларын да ашық айтатына күмәнім жоқ»,– дейді.



Төлен Тоқтасынов, сондай-ақ, оппозициялық партиялардың Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбаймен ортақ тіл табысатынына сенімді екенін айтты.
XS
SM
MD
LG