Accessibility links

Бүгін Пәкістанның қауіпсіздік күштері елдің Ауғанстан шекарасына жақын өлкесінде кепілдікте қамауда отырған қытайлық 2 инженерді босатып алды


Бүгін Пәкістанның қауіпсіздік күштері елдің Ауғанстан шекарасына жақын өлкесінде кепілдікте қамауда отырған қытайлық 2 инженерді босатып алды. Қарулы күштердің өкілі генерал Сұлтан Шауқаттың мәлімдеуінше, Оңтүстік Вазиристан өлкесінде болған қақтығыста қытайлықтарды кепілдікте ұстап отырған 5 бопсалаушы түгел оққа ұшқан. Қытайлық инженердің бірі жараланды. Оларды экстремистер сенбі күні ұрлап алып кетіп, егер Пәкістан үкіметі әлгі өлкедегі терроризмге қарсы шараларын доғармайтын болса, 2 тұтқынды өлтіреміз деп қоқан-лоқылық жасады.
XS
SM
MD
LG