Accessibility links

Экстремистік Хамас тобының Израильге қайтадан зымырандармен атқылау қатерін төндіруінен кейін Израль Газа аймағына әуеден соққы беріп, 5 палестиндік құрбан болды


Экстремистік Хамас тобының Израильге қайтадан зымырандармен атқылау қатерін төндіруінен кейін Израль Газа аймағына әуеден соққы беріп, 5 палестиндік құрбан болды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, палестиндік босқындардың Джабалиа лагерінде Хамас тобының 2 сарбазы оққа ұшса, Газа аймағының оңтүстігіндегі Рафаһ лагерінде 2 күдікті мен палестиндік 1 бейбіт тұрғын қаза тапты. Палестиндік топтардың бетін қайтару мақсатын көздеген Израильдің әуе соққысы осымен 2 апта бойы жалғасып келеді. Осы соққылардан қаза болған 100-ге жуық палестиндіктің басым көпшілігі, Израильдің мәлімдеуінше, партизандар, ал Палестина жағы олардың көбі бейбіт тұрғындеп мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG