Accessibility links

Ирақта бүгін болған бірнеше дүркін шабуылда 2 армия өкілі мен судьяға және бір журналистке тасадан оқ атылды


Ирақта бүгін болған бірнеше дүркін шабуылда 2 армия өкілі мен судьяға және бір журналистке тасадан оқ атылды. Бағдадтан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Бадуба қаласында генерал Назим Сулаиф мен тағы бір армия өкілін белгісіз біреулер атып кетті. Бағдадта өз үйінен шыға берген жерінде судья Абдуләмір Хадим оққа ұшты және ”Әл-Хуриа” телекомпаниясының Дина Мухаммад Хасан деген әйел тілшісі үйдің сыртында қаза болды. Бүгін, сондай-ақ, солтүстіктегі Мосул қаласында Ирақтың Ұлттық ұланының 4 жауынгері жол бойына қойылған бомбаның жарылысынан жараланды.
XS
SM
MD
LG