Accessibility links

Аризона штатындағы Темпе қаласында АҚШ президенттігіне үміткерлер өзара өткізген телеайтысында ұлттық қауіпсіздік пен экономика мәселелерін талқылады


Аризона штатындағы Темпе қаласында АҚШ президенттігіне үміткерлер өзара өткізген телеайтысында ұлттық қауіпсіздік пен экономика мәселелерін талқылады. Демократтардың үміткері Джон Керри бақталасы – қазіргі президент Дж.Бушты Ираққа қарсы соғысы үшін ащы сынға алды. Ол, Керридің пікірінше, АҚШ-ты әлсіретті. Республикалық партиядан екінші президенттік мерзімге ұсынылған Дж.Буш: “терроризмге қарсы күрес аясындағы Ирақ пен Ауғанстанда жүзеге асырылған шаралар – демократияның әлемге кең қанат жаюына түрткі болды, -деп мәлімдеді. ДЖ.БУШ: "Біздің терроризмді жеңетінімізге мен сеніммен қараймын. Әйтсе де, ол күрес қайсарлық пен нақты іс-әрекетті талап ететінін мен түсінемін. Біз идеологиясын ұстанған ондай жаудан ешқашан қаймықпауымыз керек. Өйткені біз ол жауды қыр соңынан қалмай қуамыз және әлемге демократия мен бостандықты жаямыз”.
XS
SM
MD
LG