Accessibility links

Ауғанстанда сенбі күнгі тұңғыш президент сайлауында берілген дауыстарды есептеу аймақтық 8 есептеу орталығының басым көпшілігінде басталды


Ауғанстанда сенбі күнгі тұңғыш президент сайлауында берілген дауыстарды есептеу 8 аймақтық есептеу орталығының басым көпшілігінде басталды. Бюллетень жәшіктері құрлықпен, әуемен және есек арбалармен тасылып жатыр. Дауыстарды есептеу – қазіргі уақытша президент Хамид Қарзайға бақталас үміткерлердің сайлау барысында заңсыздықтар болды деп арыздануынан соң тоқтатылды. Сайлау комиссиясы сайлаудың ақырғы нәтижесін осы айдың соңында жариялауға үміттенеді. Сайлауда қазіргі уақытша президент Хамид Қарзай жеңіске жеткен сияқты. Онымен қарама-қатар шетелдік сарапшылардан жасақталған тәуелсіз комиссия дауыс беру барысында болған заңсыздықтар бойынша арыз-шағымдарды қарау үстінде.
XS
SM
MD
LG