Accessibility links

Өзбекстан милициясы, олардың өз пайымдауларынша, жанкештілік-терроризмге оқытылған қазақ әйеліне іздеу салды


Өзбекстан милициясы, олардың өз пайымдауларынша, жанкештілік-терроризмге оқытылған қазақ әйеліне іздеу салды. Ассошэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, Ташкент милициясының өкілі Олег Биченов үкіметке әлгі әйелдің Өзбекстанға өтуі мүмкін деген мәлімет келіп түскенін мәлімдеген. Өзбекстан осы жылы жанкешті-террористер жүзеге асырған 2 лаңкестік шабуылды бастан кешті. Соңғы рет өткен шілде айында үш жанпидашыл-лаңкес АҚШ пен Израиль елшіліктеріне және Өзбекстанның Бас прокуратурасына бір мезгілде шабуыл жасап, 4 күзетші қаза болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG