Accessibility links

Зимбабве оппозициясының басшысы ақталды


Зимбабве африкалық елінде оппозиция басшысы, Демократиялық өзгеріс қозғалысының төрағасы Морган Цвангираидің соты аяқталды бүгін. Ол президент Роберт Мугабені 2001 жылы өлтіртпекші болды, канадалық кеңесшісінің көмегімен қастандық ұйымдастырды деп айыпталған болатын. Дәлел ретінде оппозиция басшысымен канадалық кеңесшісінің кездесуі жасырын жазылған бейнетаспа көрсетілді. Морган Цвангираидің адвокаттары бейнетаспадағы жазу өтірік, теріс монтаждалған дейді. Зимбабве соты оппозиция басшысын ақтап үкім шығарды, оппозиция басшысы елді сатқан жоқ деп нақтылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG