Accessibility links

Путин Қытай сапарын жалғастырып жатыр


Ресей президенті Владимир Путин бүгін Қытай сапарын жалғастырып жатыр, ол бас министр Уен Джибаомен кездесті. Бір қатар келісімдерге қол қойылды, оның ішінде шекара келісімі бар. Қытай бас министрі Уен Джибао 4300 шақырымға созылған шекарамыз бейбітшілік пен серіктестік белбеуіне айналады деп сипаттады. Сапар екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 55 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Владимир Путин және Уен Джибао Корей түбегі ядролық қарудан таза аймақ боп қала беруге тиіс деп сөз байласты, терроризм және сепаратизмге қарсы күрес мұқтаждығы зор деп келісті. Путин сенбі күні Қытайдан Тәжікстанға барады.
XS
SM
MD
LG