Accessibility links

Фәллуджада АҚШ жаяу әскерінің шабуылы басталды


Ирақтың Фәллуджа қаласында көтірілісшілерге қарсы бағытталған АҚШ әскерінің шабуылы бүгін жалғасын тапты. Түні бойы болған әуе шабуылдарынан соң енді АҚШ жаяу әскері көтірілісшілердің қорғанысына қарай ұмтылды. Бір мыңға жұық сарбазға танктер мен Ирақ арнаулы жасақтары көмектесіп жатыр. Иорданиялық соғысушы Абұ Мұсаб Әл-Заркауидің қолбасшылығындағы көтерілісшілер бекінді деген нысаналарға бүгін тағы бомбалар тасталды, әуе соққысымен қатар артиллерия оқ атты. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, 8 ирақтық азамат қаза тапты, 23-і жараланды.

Бағдадтағы Жасыл аймақ деп аталатын қауіпсіз мекеннің ішінде бейсенбі күні жасалған екі жарылысты Абұ Мұсаб Әл-Заркауидің тобы мойнына алған болатын. Ирақ бас министрі Ияд Аллауи Фәллуджа қаласының басшылары Абұ Мұсаб Әл-Заркауиді ұстап берсін, әйтпесе шабуыл жасалады деп сәрсенбі күні ескерткен. Қала басшылары Абұ Мұсаб Әл-Заркауиден хабарымыз жоқ деп жауап қайтарған.
XS
SM
MD
LG