Accessibility links

Қазақстанда экстремистік іс-әрекетпен айналысқаны үшін төрт бірдей ұйымның қызметі тоқтатылды

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

ҚР Бас прократурасы Жоғарғы сотқа Қазақстан аумағында төрт бірдей ұйымды экстремистік сипаттағы қызметпен айналысқаны үшін олардың жұмысын тоқтату жөнінде ұсыныс түсірген болатын. Бұл ұйымдардың қызметін арнайы тексерген Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті олардың іс-әрекетінде елдің конститутциялық құрылымына нұқсан келтіретін және ұлтаралық жанжалдар туғызатын экстремистік пиғылдар бар деген қорытындыға келген. Енді ҚР Жоғарғы соты өз кезегінде аталған жайтты жіті қарап, бұл іс жөнінде шешім шығарды.

Қазақстан аумағында жұмыс істеп жатқан төрт ұйымның қызметінде экстремистік іс-әрекеттің бар екені анықталып - тексеріліп, Жоғарғы сотқа жөнелтілгені жөнінде бейсенбі күні Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төраға орынбасары Қозы-Көрпеш Кәрібозов алғаш рет айтқан болатын. Алайда ол аталған ұйымдардың аты мен қызметі жөнінде толық ақпарат бермеген болатын. Біз осы мәселеге орай ҚР Жоғрғы сотына хабарласқанымызда, мекеменің баспасөз хатшысы Айгүл Молдабаева жұма күні осы істің қаралып жатқанын және кешкісін шешім шығарылатындығын жеткізді.

Біз осы жайтқа орай сарапшылардың да пікірін білген едік. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиев бұл қауіптің Қазақстанда бар екенін айта келіп, бірақ өте сақтықпен шешпесе ол өршіп кетуі де мүмкін екенін жеткізді.

Ал саясаткер Сейдахмет Құттықадам бұл мәселені шешу үшін елдегі әлеуметтік ахуалды айықтыру керек дейді.

Осы мәселеге орай кешкісін Жоғарғы сотқа хабарласқанымызда, мекеменің баспасөз хатшысы Айгүл Молдабаева Жоғағы сот Бас прократураның өтінішін қанағаттандырып, төрт ұйымның жұмысын тоқтатқандығын жеткізді.

Сөйтіп Қазақстанның Жоғарғы соты Республика аумағында жұмыс істеп келген төрт бірдей ұйымды экстремистік сипаттағы қызметпен айналысқаны үшін олардың жұмысын тоқтатуға шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG