Accessibility links

Дүниежүзілік банк кедейшілік мәселесін көлеңкеде қалды дейді


Дүниежүзілік банктің директоры Джеймс Вульфенсон терроризм және Ирақтағы соғыс кедейшілікті азайту мәселесін көлеңкеде қалдырды деп мәлімдеді бүгін. Бұл сөзін ол Аддис-Абеба қаласында өтіп жатқан Африка даму конференциясында айтты. Әлем елдері әскери мақсатқа былтыр 900 миллиард доллар жұмсады, ал даму жобаларына тек 50 миллион доллар жұмсалды, деді Дүниежүзілік банктің директоры. Әлемге бейбітшілік пен тұрақтылық қажет болса кедейшілік мәселесін кері шегіндіру өте қауіпті, деді Дүниежүзілік банктің директоры.
XS
SM
MD
LG