Accessibility links

Британияның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі өз үкіметін сотқа бермек


Британияның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Крейг Мюррей Британия үкіметін сотқа беремін, үкіметтің қырсығынан денсаулығыма зақым келді дейді. Британия сыртқы істер министрлігі Крейг Мюррей басшылардың және әріптестерінің сенімін жоғалтты деп, бейсенбі күні оны қызметінен алып тастады. Крейг Мюррей болса мен Британия елшісі ретінде Өзбекстандағы адам құқықтарының мүшкіл халын сынадым, әсіресе түрмелердегі адам азаптаулары жөнінде көп дабыл қақтым, сол үшін Британия үкіметі соңыма түсіп алды, енді жұмысымнан қуып отыр дейді.
XS
SM
MD
LG