Accessibility links

Жексенбіде Бағдадта бомба орнатылған автокөлік жарылып, одан кем дегенде 7 адам қаза болып, басқа 20-дан аса кісі жараланды.


БАҒДАД: Ирақ астанасындағы бомба орнатылған автөкөліктің жарылысынан кем дегенде 7 адам қаза болып, басқа 20 кісі жараланды. Ирақтың ішікі істер министрлігі хабарлағандай, кеше күн қарайғанда Бағдадтың Ядирия ауданындағы кафенің сыртында болған жарылыста қаза тапқандардың арасында 4 полицей мен жанкешті-лаңкес болған. Жексенбі күні АҚШ күштері Әл-Фаллуджа қаласының төңірегінде көтерілісшілермен шайқасты. АҚШ өкілдерінің мәлімдеуінше, Американың теңіз жаяу әскері Әл-Фаллуджадағы көтерілісшілерге қарсы соғыс техникасы мен зеңбіректерді және минаатқыштарды қолданып, 7 рет әуеден соққы берілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG