Accessibility links

Ресей Орта Азия аймағының қауіпсіздігін нығайту мен экономикалық ынтымақтастығын тереңдетуді көздейтін Орта Aзиялық Ынтымақтастық Ұйымына қосылуға тиіс.


ДУШАНБЕ: Бүгін Ресей Орта Азия аймағының қауіпсіздігін нығайту мен экономикалық ынтымақтастығын тереңдетуді көздейтін Ортаазиялық Ынтымақтастық Ұйымына қосылуға тиіс. Ресей президенті Владимир Путин бүгін аталмыш ұйымға мүше елдер басшыларының Тәжікстан астанасындағы бас қосуында ұйымға кіру жөніндегі хаттамаға қол қояды деп күтілуде. Жексенбі күні В.Путин Ресейдің Тәжікстандағы әскери базасының ашылу рәсіміне қатысты. Оның мәлімдеуінше, 5 мың жауынгерден жасақталған әскери база Орта Азиядағы тыныштық пен тұрақтылықты нығайтады.
XS
SM
MD
LG