Accessibility links

АҚШ елбасын және Конгрес мүшелерін ерте сайлаулар Құрама Штаттарының Флорида, Техсас, Колорадо, Арканзас штаттарында бүгін басталды.


Бұл штат заңдары бойынша сайлаушылардың 2-ші қарашадан 15 күн бұрын, осылайша дауыс берулеріне хұқылары бар. Флорида штатындағы дауыс көрсеткіштері қос үміткер үшін де аса маңызды болмақшы. Елбасы Буш мырза мұнда сенбі күні, ал сенатор Джон Керри мырза жексенбі күні болған-ды. Онда Керри мырза: “Сіздер тек Құрама Штаттарының елбасын ғана сайламайсыздар. Сіздер азат әлемнің басшысы үшін дауыс беретін боласыздар. Ендеше, тұтас әлем халқы бізге назар тігуде. Еліміздің құндылықтарына қайта оралуға бет аламыз ба соны көргісі келеді”,- деген еді.

Ресей елі Орта Азиядағы Әріптестік ұйымына ресми түрде мүше болды. Бұл ұйымның басты мақсаты аймақтағы тұрақтылық пен экономикалық интеграцияны көтеру екендігі белгілі. Саммит барысында Ресей елбасы Владимир Путин өз елінің аталған ұйымға мүшелікке қабылданғаны жөніндегі қаттамаға қол қойды. Тәжікстан астанасы Душанбеде болған бұл саммитке ұйым мүшелері, яғни Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG