Accessibility links

Ауғанстан президенті Х.Қарзайдың президент сайлауындағы басты бақталасы әрі бұрынғы білім министрі Ю.Кануни жуырдағы президент сайлауы әділ өтпеді деп мәлімдеді.


КАБУЛ: Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Қарзайдың президент сайлауындағы басты бақталасы, бұрынғы білім министрі Юнус Кануни жуырдағы президент сайлауы әділ өтпеді деп мәлімдеді. Әйтсе де, деп ескертті Ю.Кануни, егер Хамид Қарзай жеңіске жететін болса, оған елді қалпына келтіруге қол ұшын созуға өзі дайын. Әзірше Ауғанстан тарихындағы тұңғыш президент сайлауында берілген дауыстардың 20 пайызы есептелді. Осы есепке қарағанда, сайлаушылардың 61 пайызы Қарзайды, қалған 19 пайызы – Кануниді қолдап дауыс берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG